weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шықты

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шықты

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады newsroom.kz. порталы. "Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері көмектесуде. Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда", - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында. Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілген. https://www.instagram.com/p/CTCmADDMPes/?utm_source=ig_web_copy_link