Ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі де пысықталды. Вице-премьер Ералы Тоғжанов мектеп басшыларына келесідей міндеттер жүктеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды
NewsRoom.kz. порталы.ГРАФИКА
- Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;
- Санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
- Мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» жүйесін қосу;
- Білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету;
- Мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Вице-премьердің тапсырмасымен, аталған міндеттер тамыз айының соңына дейін орындалуы тиіс.
https://youtu.be/NcFsY2L_R84?t=146