weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Вакцина сатып алғандарға амнистия

Вакцина сатып алғандарға амнистия

Вакцина сатып алғандарға амнистия
ашық дереккөзі
Жалған вакцина құжатын сатып алғандар коронавирусқа қарсы екпе салдыра алады. Бұл жөнінде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. Оның сөзінше, жауапты ведомство заң бұзған азаматтарды қудаламайды, керісінше қателігін түзеуге мүмкіндік береді. Ол үшін азаматтарға мобильді екпе бекеттеріне келіп, вакцина құжатының жалған екенін айтып, препаратты заңды түрде алу қажет. Ал, кімнен сатып алғанын мамандар тәптіштеп сұрамайтын көрінеді. Айта кетейін, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалған құжат сатып алғандарға рақымшылық жасау жағын талқылап жатқанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ведомство басшысы заң бұзушылыққа барған ақ халаттылар жазалануы тиіс деген еді. https://youtu.be/NcFsY2L_R84?t=232