Мектеп ішін жөндеп тұр, талай қазақ ұстазы. Жамбыл облысындағы орта білім ордасынан дау шықты. Байзақ ауданына қарайтын Көкбастау ауылындағы мұғалімдер өздері жұмыс істейтін мекеменің еденін әрлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл бассыздыққа куә болған "Қоғамдық бақылау" жобасының өкілі көргенін камераға түсіріп, видеоны Youtube-қа жүктеген. "Сіздер мұғалімдерсіздер ме? Әлде жалдамалы жұмысшылар ма?"
"Біз мұғалімбіз!". "Осы жерге жалданып жұмыс істеп жатырсыздар ма, әлде өздеріңіз?". "Жоқ, жалданып емес, өзіміз!". Екі тараптың сөзін бөлген мектеп директорының міндетін атқарушы Бақытгүл Жидебаева, мұғалімдерге бұл жұмысы үшін төлем жасалатынын айтқан. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды
NewsRoom.kz. порталы.
"Сіздер мұғалімдерсіздер ме? Әлде жалдамалы жұмысшылар ма? - Біз мұғалімбіз! - Осы жерге жалданып жұмыс істеп жатырсыздар ма, әлде өздеріңіз? - Жоқ жалданып емес, өзіміз!
Екі тараптың сөзін бөлген мектеп директорының міндетін атқарушы Бақытгүл Жидебаева, мұғалімдерге бұл жұмысы үшін төлем жасалатынын айтқан. Бірақ еңбек келісімшартына қол қойылмапты. Қоғам белсендісінің алдынан кезіккен тағы бір топ әйел, білім ордасының техникалық қызметкерлері екенін айтып, ақталған. Ал мекеменің шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушісі болса жұмысшыларға қатысты мүлдем басқа ақпарат айтып, айды аспаннан бір-ақ шығарған.
" - Жоқ, мұғалімдер емес, ауылдың келіншектері ғой?! - Жоқ, жоқ, мұғалімдер! Бәрі де фиксация жасалды, ақшасы туралы айтылған жоқ. Тура осы видео Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. - Ақша төленіп жатыр!".
Бейнежазбаны көрген Байзақ ауданының білім бөлімі түсініктеме берді. Ондағылардың сөзінше, екі педагог өз еркімен бір күндік жұмысқа шығып, еңбекақыларын алған. Бірақ, бұл орта білім ордасының басшылығын жазадан құтқармады. Мектеп директорының міндетін атқарушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған қатаң ескерту берілген.
https://www.youtube.com/watch?v=zBwFf7DHz0k&t=2s