weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Зейнеткерлерге жаңа көмек беріледі деген жалған ақпарат тарады

Зейнеткерлерге жаңа көмек беріледі деген жалған ақпарат тарады

Зейнеткерлерге жаңа көмек беріледі деген жалған ақпарат тарады
ашық дереккөзі
Зейнеткерлерге 59 мың теңге мөлшерінде көмек беріледі! Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарауда. Онда Мемлекет басшысының пәрменімен жаңа жәрдемақы тағайындалып жатқаны айтылған. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Одан бөлек, мессенджерлердегі әр қазақстандыққа 125 мың теңгеден төленуде деген ақпарат та шындыққа жанаспайды. Белгілі болғандай, алаяқтар азаматтардың жеке аккаунтары мен банк шоттарын иемденуді мақсат еткен. Сол себепті, министрлік күмәнді сілтемелерді ашпау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, танымайтын адамдарға картаның СИВИ кодтары мен ЖСН нөмірді айтпауға кеңес беруде. https://youtu.be/y9NmZNMSOfE