Орал қаласында "Индрайвер" таксиінің жүргізушісі өз танысымен бірге жолаушы қызды зорлаған. 3-ші курс студенті көлікке «Сити Центр» сауда орталығының маңынан мінген екен. Алайда қаскөйлер жолшыбай бағыттан ауытқып, қала сыртына шығып кеткен. Далада бойжеткенді ұрып-соғып, зорлап, одан кейін шаһар шетіндегі «Құс фабрикасы» ауданындағы үйлердің біріне апарып, таңға дейін күштеп ұстаған. Жәбірленуші үйіне жеткен бойда полиция шақырады. Полицейлер күдіктілерді сол күні ұстағанымен, оларды куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жіберіпті. Бұл туралы зорланған қыздың қорғаушысы мәлімдеді. Біздің арна тілшісімен сөйлескен адвокат Мереке Ғабдуалиев қылмыстың 8 тамыз күні жасалғанын, 12 тамызда алғашқы сараптама қорытындысы дайын болғанын, қыз зорлағандарды қамауға алуға жеткілікті дәлелдеме базасы болғанын айтады. Ал полиция департаменті толыққанды ақпарат беруден бас тартып отыр, деп хабарлайды
NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасыны сілтеме жасап.
"Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Міндетті түрде толық ақпарат хабарланатын болады",- дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Лунара Тілекқали.
"Енді сонымен келіспейміз. Ішкі істер департаментінің басшысына біздер жалоба жібердік. Облыстық прокуратураға жалоба жібердік сол туралы. Енді жауабын күтіп отырмыз. Экспертиза тағайындалды. Бір экспертиза дайын болып отыр. Сол қыздың үстінде соққан жарақат бар деген",- деді адвокат Мереке Ғабдуалиев.
https://youtu.be/y9NmZNMSOfE