Түркістан облысында жүзден астам мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Түркістан облысы бойынша 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде 12 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 18-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 100-ге жуық мектептің асханалары жөндеуден өтеді. 108 мектептің кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.
Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі. Аталған нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына өз кедергісін тигізбейді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 18 мектепке 86 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.