Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Екі аяғынан айырылған қатардағы капитан кәсібін дамытуда

Екі аяғынан айырылған қатардағы капитан кәсібін дамытуда

Екі аяғынан айырылған қатардағы капитан кәсібін дамытуда
ашық дереккөзі
 width= Қарапайым қызылша яғни «желшешек» ауруы апталдай азаматты аяғынан айырды дегенге сенесіз бе? Елордалық Аслан Ысқақовтың қызы балабақшадан жұқтырып келген қызылша ауруы өзіне жұғып, аяғынан айырады. Дәрігерлердің айтуынша әлемде мұндай ауруға душар болған небәрі 20 шақты ғана науқас бар екен. Әлі толық зерттелмеген, емі де табылмаған. Бұл туралы NewsRoom.kz.порталы «Еуразия» бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Төрт мүшесі түгел, дені сау, апталдай азамат Аслан Ысқақов  бала күнінен әскерге баруды, отан қорғаушылар қатарында қызмет етуді армандайды. Денешынықтыру сабағында үнемі қатарласының алды болып, спортпен айналысады. Денсаулығында кінәрәт болмағандықтан, еш қиындықсыз әскерге алынып, кейін осы салада қызметке орналасады. Бала күнгі арманы орындалып, сүйіктісімен шаңырақ көтеріп, екі қызды тәрбиелеп отырғанда тағдыр сынағына ілігеді. «Үлкен қызым 4 жаста еді. Бір күні балабақшадан қызуы көтеріліп, денесін қызыл бөртпе басып келді. Кейін тәрбиешісі айтқандай біздің топта  бірнеше бала «желшешек» бөртпесімен ауырған екен. Біздің қызға солардан жұққан болуы мүмкін деді. Бірден дәрігерге бардық, алайда қорқатын ештеңе де жоқ екенін айтып, тек үй жағдайында 21 күн карантинде болуымыз керектігі түсіндірілді. Бұл бөртпе барлық балаларда болатындығын өзім де білетін едім. Араға бір апта салып жолдасым жұмыстан ауырып келді. Қарасам денесін қызыл бөртпе басып кетіпті. Бірден әскери емханаға бардық. Ол жерде қыздардан қызылша бөртпесі жұққандығы анықталды. Бұл ауру ересек адамдарда ауырлау өтетіндігі де түсіндіріліп жатты. Дегенмен Асланның жағдайы ауырлай берді. Емі тым ұзаққа созылып кетті. 6 ай госпитальда жатты. Содан бір күні жағдайы тым нашарлап, жан сақтау бөліміне түсіп қалды. Сол күннен бастап аяқтарын, белден төмен қарай сезбей қалды»,-деді Жансая Смағұлова. Асланның жары. Отызында орда бұзар кезінде төсек тартып жатып қалғанымен Аслан өмірден түңілмеді. Әскери қатал тәртіпке үйренген ол қазір тігіншілікті меңгеріп, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. «Мен ер азамат болғандықтан тігінші боламын деп  еш ойламағанмын. Бала күнімде анамның тігін тігіп жатқандығын көретінмін болды. Енді қараңызшы әлемде 8,6 млрд адам болса, мендегідей ауруға шалдыққаны 20 шақты кісі. Осылай болды екен деп, қалай төсек тартып жата берем? Ауру болғаныммен отбасының ер азаматы деген жауапкершіліктен ешкім мені босатқан жоқ қой. Отбасымды қандай кәсіппен болса да асырауым керек деп шештім. Күніне 5-6 орамал, 2-3 халат тіге аламын. Тапсырыстар да жетеді. Жұбайым жеткізіп беру қызметімен айналысады. Бұған да шүкір!»,-деді Аслан Ысқақов. Миллионнан бір адамда кездесетін бұл сирек аурумен ауырып, араға жылдар салып, қайта аяғына тік тұрған әзіре жалғыз жан  американдық Арлен есімді қыз. Ол 10 жыл төсек тартып, үміті үзілер шақта таңғажайып жағдаймен аяғына тік тұрады. Бұл жағдайға әзірге дәрігерлер де ғалымдар да жауап іздестіруде. Бүгінде Арлен төсек тартып жатқан жылдарын ұмытып, бақытты өмір кешуде. Асланды қанаттандыратын да, болашағына үміт сыйлайтын да әзірге осы қыздың оқиғасы болып тұр.  Әзірге «запастағы» Капитан күндердің күнінде аяғынан тік тұрып, әскери киімін киіп, «қатардағы» жауынгерлер қатарына қосылып, отан қорғаушылар қатарына қайта оралуды армандайды.