Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 100-ге жуық көше жөнделді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Түркістан облысы Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 53 шақырым болатын 21 көшеге тас төселген болса, 150 шақырымнан асатын 97 көшеге асфальт төселді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 24%-дан екі есе артты.
Жоба ағымдағы жылы жалғасын тауып, Ошақты, Біртілек, Жүзімдік ауылдық округтері мен Жолбасшы және Жүзімдік елді мекендеріндегі 30 шақырымнан асатын 18 ішкі жолдар жөндеуден өтеді. Бүгінде жолды жөндеу жұмыстар басталды. Биыл сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 41,5 шақырымға, яғни 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни асфальт жол салып, шағал-тас төсеу жоспарлануда.
Жалпы аудан бойынша республикалық маңызы бар 78 шақырым автомобиль жолы бар. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 78,3% құрайды. Ал, облыстық маңызы бар 261 шқ. автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 76,5% құрайды.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.