Шипасын берсін! Құрмет қатты ауырып жатыр

Шипасын берсін! Құрмет қатты ауырып жатыр

ашық дереккөзі

Елде қуаңшылық жайлап, малға жем-жөп жетіспей тұрған кезде елді қамыс орып, Батысқа көмекке жіберуге шақырған Құрмет Талапқазы ауырып қалды. Бұл туралы оның достары Facebook парақшасында хабарлады деп жазады newsroom.kz порталы. Қазір Құрмет Талапқазы Павлодарда жүр екен. Ол мұнда шөп оруды ұйымдастырып, оны әдеттегідей Батысқа көмекке жібермек. Дегенмен соңғы күндері оның денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезінген. Достарының айтуынша, оның аяғын ара шағып алған. Осы жайт оның сырқаттануының негізгі себебі болған. Сонымен қатар, ол "водовозбен" келген суді ішкен. Бұл да оның ауыруына себеп болуы мүмкін депті оның достары. [embed]https://www.facebook.com/100012165582182/videos/312729730631402/?t=9[/embed]      

Жүктелуде...