Панджшер арыстаны Ахмад Шахтың әкесінен аумай қалған ұлы кім?

Панджшер арыстаны Ахмад Шахтың әкесінен аумай қалған ұлы кім?

ашық дереккөзі

Қазіргі таңдағы дүниежүзі елдерінің халқы Ауған еліне ертеңі не болатынына алаңдаулы. Тәліптердің Кабулды басып алған соң, Ахмад Масуд өзін әкесінің ізін жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Ахмад Масуд жайлы білу үшін алдымен әкесіне тоқтала көткен жөн болар. Ахмад Шах Масуд Ауғанстанның ең ақылды қолбасшыларының бірі болған. Ауғандардың көпшілігі оны қасиетті мәртебеге ие деп санайды. Қайтыс болғаннан кейін Ахмад Шах Масуд Ауғанстанда ұлттық батырға айналды. Қатал күрескер, бірақ байсалды және ойлы адам ол елден барлық көтерілістер мен құлдыраулардан ешқашан қашпаған жалғыз көшбасшы болды. Оған президент Хамид Карзай қайтыс болғаннан кейін бірден «Ауған ұлтының Батыры» атағын берілді. Ал бүгінгі күні тәліптерге қарсы тұру нитемінен ауғандарға басшы болуды мақсат еткен оның ұлы Ахмад Масуд кіші. 1989 жылы дүниеге келген. 32 жастағы ол дала командирінің басты үміті және мұрагері. Әкесінің көзі тірісінде ол Тәжікстан астанасына жіберілген ол,  Душанбе орта мектебінде оқыды. Біраз уақыттан кейін Ахмад анасына көшіп, орта білімін Иранда бітірді. Кейіннен Масуд Сандхурстегі корольдік әскери Академиядағы әскери курстарда бір жыл өткізді. 2012-2015 жылдары Лондон Корольдік колледжінің әскери зерттеулер факультетінде білім алады. 2016 жылы Лондон қалалық университетінде халықаралық саясат магистрі дәрежесін иеленді. 2016 жылы Масуд Ауғанстанға оралып, Massoud Foundation бас директоры болып тағайындалды. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Масуд ресми түрде саясатқа кірісті. Ол Ауғанстанға оралып, марқұм әкесінің саясатын қолдап, Ахмад Вали Масуд пен Ахмад Зия Масуд серіктестерімен бірге жігіт Ауғанстанның Ұлттық майданын – Солтүстік альянстың ізімен жүретін ұйым құрды. Осылайша ол әке жолымен отанына өркендеу мен тұрақтылықты орнатуды көздейтінін мақсат тұтады.    

Жүктелуде...