Бас қала циркке айналып барады. Соңғы кездері әлеуметтік желінің қолданушылары көрген-білгенін саралап, Нұр-Сұлтанға осындай баға беріп жатыр. Өйткені, карантинде елдің іші пысты ма, кім білсін, көшеде көрмейтін нәрсеміз аз қалды. Жұрт жерден жік шығарып жол үстінде билей жөнелсе, енді түлен түрткен жартысы тыңнан түрең салып, жұртты шошытады. Әуелі еріккен адамның ермегі деп қараушы едік, енді оларға автобус жүргізушілері қосылып кеткен бе? Қысқасы, қоғамдық көліктің неге кешігетіні белгілі болды, деп хабарлайды
NewsRoom.kz. порталы «
Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.
Жүргізушінің де түр-түрі бар. Бірі қатал, бірақ жұмысына адал, бірінің әр сөзі ұрыс, өзгесі желіде жаңа жұлдыз.
Автобустардың кестесінен неге кеш жүретіні енді белгілі болған сияқты. Бұл қарағандылық Айдос есімді жігіт. Бағдаршамның қызыл түсінде де.. Қоғамдық көліктің үстінде де тренд түсіріп, әп-сәтте желі жұлдызына айналған. Ісі несі айып дерсіз, жай ғана көптің көңілін көтеріп жүр.
Ал бұл елордалық Аида есімді ару. Жол жиегінде би билеуді әдетке айналдырған студент қыздың ермегі де желіде көп талқыланған тақырыптың біріне айналды.
"Девочка в тренде, девочка топ, я видел ее танцы, танцы в тик-ток. Она любит лайки, как мне ее найти".
Нәзік жандарды қайдам, бірақ арудың бұл билері жігіттер қауымының көңілінен шыққан тәрізді.
«Көзіңе қарашы, көзіңе қарашы Құдай сақтасын, тасташы андағыны».
Бұрымды қаланың ірі көшелерінде бір айдан бері күніне бірнеше сағаттан билеп жүр. Шықпаса, елдер кәдімгідей іздейтін болып қалған.
«А че это самое, у танцорки выходной что ли сегодня? Че то на работу не вышла».
Арудың негізгі мақсаты да көптің көңілін көтеру екен. Алайда жастар биіне жымиып жауап қатса, үлкендер қимылдарына үрке қарайтындарын жасырмады.
«Өзімде де қыз бар. Мені қызым былай билеп тұрса, мен оны қабылдай алмас едім».
«Есть специально отведенные места для танцев. А ни так уличные».
«Қазақстың қыздарына жат нәрсе ғой. Жалпы қыздарға жат қылық».
Жат қылық деп Аиданы жұдырық астына алғандар да табылды. Бұрымдыны осыдан бірер күн бұрын әлдекімдер ұрып-соғып кеткен. Одан соң, көңілді бикештің билері әзірге тоқтап қалды. Әрине, қос кейіпкеріміздің ермегін даттаудан да, жақтаудан да аулақпыз. Бірақ, өзгеге жақсы көңіл-күй сыйлаудың несі айып?
https://youtu.be/TbGJLFn4SL4