Соңғы 4-5 жылда айлығыңыз неше есе өсті? Әлемдік кризис пен қымбатшылықтың орнын толтырмаса да, жер-жерде жалақы әйтеуір жоқтан бар болып, ілгері жыбырлап жатыр ғой. Бірақ Ақтөбені жарықпен қамтамасыз етіп отырған мекеменің жұмысшылары ондайды мүлде естімеген болып шықты. Бәлен жыл өтілі бар мамандардың өзі 82 мың теңге алады екен. Ал контролер қыз-келіншектердің айлығы шайлығынан аз, деп
NewsRoom.kz.порталы
«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше Ақтөбенің автобус жүргізушілері айқай шығарса, бүгін қалалық электр желілері басқармасының жұмысшылары жанайқайын жеткізді. Олардың айтуынша, жалақыларына көңілі толмайды. Соңғы 4-5 жылда айлық өспеді деп отыр. Мекеме басшылығы мәселені шешу үшін сәрсенбіге дейін уақыт сұрапты.
Қаланы жарықпен қамтып отырған мекеменің жұмысшылары жалақыға жарымай жүргендерін айтады. Жиналған жүз шақты адам мәселелерін бас директорға жеткізген. "Тарифпен бірге тұтынушы саны да артып келеді, ал айлығымыз сол күйі еш өзгермеді", дейді.
«Істеп жатқаныма төрт жыл болды. Айлықта өзгеріс жоқ. Продукт үш есе- төрт есе қымбаттап жатыр. Семьямызды қай ақшаға асырайтынымызды білмейміз. Жұрттар сұрайды сендер токта істейсіңдер, ақшаларың көп, деп. Ұялам айтуға зарплатамды. 69 600 теңге - менің окладым. Мен деген мына самый молодой монтерлардан аз алам»,-дейді көлік жүргізушісі Әли Орынбаев. ӘЛИ
Бүгін шағымын айтуға келген жүз шақты жұмысшының арасында ұзақ жылдар бойы осы салада еңбек еткен мамандар да жүр. Мысалы, 39 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санатты қызметкер небары 82 мың теңге алатынын айтып ашынды. Ал контролер қыз-келіншектердің азын-аулақ ақшасы азық-түліктен артылмайтын көрінеді.
«Қолыма алатыным 68-69 мың теңге. Төрт балам бар. Многодетнаямын. Екі балам платныйда оқиды, университетте, екі балам школьник. Былай тартсам да , иә былай тартсам да жетпейді. Кеше бір ай отпускке шықтым, лечпособие төлейті,, квартальный. 15 жылдан бері осында жасаймын, соның бәрі болды. Қазір ештеңе жоқ!»,-дейді мекеме қызметкері Жанагүл Ақжанова.
Электр желілеріне жауапты мекемедегілер жалақыны 100 пайызға өсіруді сұрап отыр.
«100 пайыздан кем емес. Яғни, айлық жалақы, 13-айлық дейміз ғой, соны қайтадан жыл сайын беріп отыру, жыл сайын отпускке шыққанда берілетін лечпособиемізді жыл сайын беру. Бізде екі-үш жылдың көлемінде берілген жоқ»,-дейді "Энергосистема" ЖШС қызметкері Жанеркин Ғиззатов.
Бұл сауалды біз серіктестік бас директорының көмекшісіне жолдағанбыз. Ринат Фазкулин 2020 жылы жалақы өскенін айтты. Бірақ, нақты қанша пайызға артқанын білмейтін болып шықты. Ал жұмысшылардың айлық 100 пайызға өссе деген тілегі орындалмайтын сыңайлы.
"Жүз пайыз көтерілуі комисияның шешіміне байланысты. Ол жағын мен қазір айта алмаймын",-дейді "Энергосистема" ЖШС бас директорының көмекшісі Ринат Факзулин.
- Сізде ең жоғары жалақысы қанша жұмысшының?
- Ол жағын..
- Сіз қанша аласыз?
- Білмедім...
- Өзіңіздің айлығыңыз қанша?
- Неге дейсіз ғой, помощник генерального директоры болғаныма бір ай болды.
Нақты шешім жуырда белгілі болады. Қазір арнайы комиссия жұмысшы тараптың ұсынысын талқылап жатыр. Барлығы қалалық электр желілері басқармасында 1500 адам жұмыс істейді.
https://youtu.be/c90Vl7EPJbQ