Өткен тәулікте «сары аймақта» болған Түркістан облысы қайта «қызыл аймаққа» енді. Енді еліміздегі барлық өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 116 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.06 % құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 11 мың жағдайы анықталды. Оның жартысынан астамы, яғни 6250-де сипмтомсыз өткен.
Жалпы қауіпті вирус жұқтырғандардың дені 20-49 жастағылар. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.