weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арыстағы өрттен кейін экологиялық ахуал қалыпты жағдайда

Арыстағы өрттен кейін экологиялық ахуал қалыпты жағдайда

Арыстағы өрттен кейін экологиялық ахуал қалыпты жағдайда
ашық дереккөзі
 width= Арыс қаласындағы пойыз өртінен кейін зерттеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Түркістан облысы Арыс қалалық санитариялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Құлмұратов қала іргесінде отқа оранған жүк вагонына қатысты мәлімдеме жасады. Басқарма басшысы оқиға орнындағы топырақ пен ауадан мамандар арнайы сынама алғанын атап өтті. "Олардың болжауынша, қазіргі кезде ауа адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Экологиялық ахуал қалыпты деңгейде", - дейді ол. Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Арыс қаласында сары фосфор тиелген жүк пойызынан өрт шығып, жалын екі вагонды жалмаған еді.