Түркістандықтар Олимпиада жеңімпазына су жаңа көлік мінгізді

Түркістандықтар Олимпиада жеңімпазына су жаңа көлік мінгізді

ашық дереккөзі

 width= Түркістандықтар Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновты «Turkistan» халықаралық әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Бүгін облыс орталығындағы «Turkistan» халықаралық әуежайынан Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген түркістандық боксшы Сәкен Бибосыновты облыс жұртшылығы қарсы алды. Аталған іс-шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен бірінші орынбасары Сәкен Қалқаманов, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысып, Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен түркістандық кәсіпкерлер спортшыға су жаңа «Toyota Camry 75» көлігін сыйға тартты. "Түркістан облысының тарихында алғашқы Олимпиада медалін ұтып алған Сәкен өзін үздік спортшы екенін көрсетеді. Оған барлығымыз жанкүйер болдық, куә болдық. Бұл алтынға бергісіз қола жүлде болды. Бізге үлкен мәртебе. Түркістан облысының барлық спортшыларына жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз", - деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы. Айта кетейік, Сайрамдық Сәкен Бибосынов өз салмағында Олимпиада чемпионы атана алмағанымен, жеңімпазға лайық бокстасты. Өкінішке қарай, көзі қарақты көрермен төрешілердің ұпайды дұрыс бермегенін жарыса жазған болатын.

Жүктелуде...