Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысындағы елді мекендер көгілдір отынға қосылды

Түркістан облысындағы елді мекендер көгілдір отынға қосылды

Түркістан облысындағы елді мекендер көгілдір отынға қосылды
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысында шалғайдағы ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзінде 17 елдімекенді көгілдір отынға қосу жоспарланған, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Олардың кейбіріне жақын күндері газ беріле бастайды. Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауылдық округі аудан орталығына жақын орналасқан. Үлкен ауыл болып есептелгенімен, әлі күнге дейін көгілдір отынға қосылмаған. Жұршылықтың газ тартуды сұрап жүргеніне біраз жыл болды. Енді, міне, олардың өтініші орындалып, көптен күткен күн де туды. Бұдан бөлек Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы тағы 5 ауылдың тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Ауыл көшелеріне газ тарату құбырлары тартылып, есептегіш құралдар орнатылды. Компания өкілдерінің айтуынша, енді әр отбасы көгілдір отынды үйлеріне кіргізуі тиіс. "Біз 6 елді мекенге, соның ішінде Бағыс елдімекеніне осындай 4 газ таратушы пункттер қойып, 10 мың адамға дейін газ қосылуға мүмкіндік берілді. 1500-ға жуық әр үйлерге шкафтар қойылды",- дейді «Қазтрансгазаймақ» АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбеков. Айта кету керек, осыдан бір апта бұрын Таскескен автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Бұл станция Сарыағаш ауданының 9 елдімекені мен Келес ауданының 2 ауылын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Жалпы, Түркістан облысында 836 елдімекен бар. Олардың тең жартысы газбен қамтамасыз етілген. Енді алдағы 5 жыл ішінде бұл көрсеткішті жүз процентке жеткізу жоспарланып отыр.