Арыс: Өрт толықтай сөндіріліп, тұрғындардың үйлеріне қайтуына рұқсат берілді

Арыс: Өрт толықтай сөндіріліп, тұрғындардың үйлеріне қайтуына рұқсат берілді

ашық дереккөзі

 width= 6 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласының  «Арыс» теміржол вокзалында  жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 2 контейнерде 54 тараға тиелген "сары фосфор" болған, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бет алған.

Өрт шыққан вагондар "Қазақстан Темір Жолы" АҚ күшімен пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды.
Сағат 17.50-де оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Жергілікті әкімдік тарапынан "Наурыз" мөлтекауданынан 1700 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса,
650 адам уақытша ашылған 4  эвакуациялық пунктке орналастырылды.
Оқиғаға байланысты Түркістан облысы ТЖД жедел желіні іске қосты.
Оқиға орнында құрылған жедел штабта облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов,  облыстық ТЖД бастығы Н. Жүнісов, облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары А.Сейдуалиев, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова, Арыс қаласы бойынша ТЖ комиссиясы мен авариялық қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан өрт сөндірілгеннен кейін ауа сынамасы алынды.
Полиция Департаменті өрт болған пойыз аумағы мен елді мекен маңын қоршап, 6 блок-бекет қойды.
Өрт сөндіруге 291 адам, 42 техника және өрт сөндіру пойызы жұмыс істеуде.
Өрт 21.55-те толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда Арыс қаласының 60 қызметкері "Наурыз" мөлтекауданының тұрғындарының үйлерін күзетуде. Тұрғындар үйлеріне қайтуға болады. Тұрғындардың өмірі  мен денсаулығына қауіп жоқ.

Жүктелуде...