Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар

Науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар

Науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар
ашық дереккөзі
 width= Қазір қысқа мал азығын жинау науқаны жүріп жатыр. Мамандар осы науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Шөп жинау жұмыстары ауыл-аймақтарда қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ желді ауа-райы, ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпін тудыруы мүмкін. 2021 жылдың 6 айында Түлкібас ауданында тұрғын-үй секторларында орын алған 2 өрт оқиғасынан 5000 дана пресс, 50 тонна мал азығы өртенген. Әрине, бұл нәпақасын төрт түліктен алып отырған тұрғындар үшін өте үлкен шығын.  Жем шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: -оталдыру жүйесінде, жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, -агрегатта жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі, қай жерде болмасын темекі тұтқылдарын өшірусіз тасталуы, жем шөп жинау орындарында ретсіз от жағудан, Шөпті қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрлыстарына, электр желілерінің астына жинауға, сонымен бірге  учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр арақашықтықта, көшелерде, жолдарда аулалық учаскелерден тыс шөп маяларын, ірі жем шөпті скирдтерді орналастыруға жол берілмейді. Ірі жем шөпті скирдтерді жинау биіктігі жерден 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.