Ақшасы жетпей қалған азаматтардың салығын төлеп берген «налоговикті» жұмыстан шығарды
Ақшасы жетпей қалған азаматтардың салығын төлеп берген «налоговикті» жұмыстан шығарды
ашық дереккөзі
Оның ай сайынғы оң қызметтік көрсеткіштерінен күдіктенген әріптестерінің қызметтік тексерістерінен соң анықтаған. Бұл туралы iz.ru басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Ресейдің Мәскеу облысына қарасты федералды салық қызметінің қызметкері азаматтардың жетпей қалған 100 рубльге дейінгі (580 теңге) салықтарын өз қалтасынан төлеп келген. Ол бұл әрекетін майда-шүйдеге бола азаматтарды табу қиын екендігімен және осылайша өзі төлей салса жұмыс тез жүретіндігімен түсіндірген.
Нәтижесінде оның ай сайынғы қызметтік көрсеткіштерінің үнемі оң болуынан күдіктенген әріптестерінің қызметтік тексерістерінен кейін бәрі белгілі болған. Қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде. Нақты шешім қабылданғанша оны жұмыстан шеттеткен. Қазір нақты қандай шешім қабылданатыны әлі белгісіз қалуда.