Алатау ауданындағы №164 жалпы білім беретін мектепте мұқтаж және көп балалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасын тауып, «Жүректен-жүрекке!» деген ұранмен басталды деп жазады alashainasy.kz басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Осы орайда, мектеп басшысы Б.Кусаинованың ұйымдастыруымен мектебіміздің аз қамтылған оқушыларына қамқорлық шаралары жүргізілді. Қайырымдылық шарасының шапағатын көрген балалардың алды бүгінде азамат атанған. Бұл шараның бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқанының бір дәлелі болса керек.
Атап айтар болсақ, мектеп бітіріп кеткен түлектер балаларға демеуші болып, аз қамтылған отбасынан шыққан 15 балаға сөмке, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, игі іс атқарды. Шара барысында аталмыш мектепте білім алатын 10 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал, «Талғат» мейрамханасы бір оқушыны толық киіндіріп, керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл қамқорлық акциясы ата-анаға көмек болса, балаларға қуаныш сыйлады.
Айналамыздағы адамдардың игілігі үшін жасалатын қамқорлық жалғасын табатыны сөзсіз.
Рима АБЫХАНОВА,
164 ЖББМ әлеуметтік педагогы