Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Базарлар жұмысын тоқтатады

Түркістан: Базарлар жұмысын тоқтатады

Түркістан: Базарлар жұмысын тоқтатады
ашық дереккөзі
 width= Түркістан қаласында да эпидемиялогиялық ахуал мәз емес. Осыған байланысты шаһарда карантин шаралары күшейеді. Соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 14 азамат анықталған. Қала басшысы қауіпсіздік шараларын қатаңдатып, мобильді топ жұмысын күшейтілетінін жеткізді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы. «Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Түркістан қаласында сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер, базарлар жұмысын тоқтатады. Тамақтану орындары, саябақтар, су бұрқақтар жұмысын шектеуге мәжбүр боламыз. Туристік нысандар карантиндік талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастырады. Керуен сарайы кешені келушілерді қабылдайды. Дегенмен ондағы тамақтану орындары мен ойын-сауық шаралары тоқтатылады»,-дейді  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков. Қазіргі таңға Түркістан «сары аймақта» тұр. Жыл басынан бері коронавирус дертіне шалдыққандар 762 болса, пневмония анықталғанар 224-ке жеткен. «Өкінішке қарай отбасылық жиындар әлі тыйылар емес. Әр азамат жеке жауапкершілікті сезінбей бұл дертті жеңетініміз қиынға соғады», – дейді қала әкімі. Айтуынша, бұл бағытта жұмысты күшейту үшін 10 мобильді топ құрамы қайта бекітіліп, бақылау жұмыстары артқан. Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының әкімі: «Мобильдік топтың рейдтік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл басынан бері 13298 нысан араланып, 662 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының бірінші тармақшасына сәйкес 662 айыппұл салынды оның 642-сі жеке тұлғаға 16-сы жеке кәсіпкерге 1 лауазымды және 3 заңды тұлғаға».