Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ордабасы ауданында 100 мал бордақылау алаңы ашылады

Ордабасы ауданында 100 мал бордақылау алаңы ашылады

Ордабасы ауданында 100 мал бордақылау алаңы ашылады
ашық дереккөзі
   width= Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауылшаруашылық саласында 17 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. сайтының тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады. Нәтижесінде,  Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орында.  Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі – 8,3 пайыз. Атап айтар болсақ, осы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 145%, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 76 пайыз, «Құлан» бағдарламасы 64 пайызға орындалған. Сонымен қатар, ауданда 2021 жылға 100 бірлік мал бордақылау алаңдарын ашу жопарланса, бүгінгі таңда 78 пайызы орындалды. Ал, ауылшаруашылық саласындағы жаңа технология – тамшылатып суару әдісін енгізу көрсеткіші 87 пайыз. Биылғы көктемгі дала жұмыстары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан үш жақты меморандумға сәйкес, 65 780 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру тапсырмасы жоспардағы көрсеткіштен артығымен (65 904 гектар немесе 100,2 пайыз) орындалған. Өндіріске қажетті техника жаңарту көрсеткіші 74  пайызды құрап отыр.