Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Демеушілер ауруханаға оттегі концентраторын табыстады

Демеушілер ауруханаға оттегі концентраторын табыстады

Демеушілер ауруханаға оттегі концентраторын табыстады
ашық дереккөзі
 width= Күні кеше Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының көмегімен Түлкібастағы орталық ауруханаға   оттегі концентраторы табысталды, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Дәрігерлер мен науқастар демеушілердің бұл көмегіне ризашылықтарын білдіруде.  Айта кетері соңғы тәуліктерде республикада коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделенді. Көптеген өңірлер «Қызыл аймаққа» өтті. Түркістан облысы әзірге «Сары аймақта». Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Облыста қазіргі уақытта шектеу шаралары күшейтілді. Ауру жұқтырған науқастар санының күрт көбеюі бірінші кезекте медицинаға, науқастарды емдейтін дәрігерлерге қосымша салмақ түсіреді. Осындай қиын сәтте демеушілердің берген көмегін өте сауапты іс деуге болады. Ел  жанашырлары осындай қиын сәтте сыналса керек. Түлкібастағы осындай игі іс өзге аудан, қалаларда да жалғасын табуда.