Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Ауыл әкімдерінің сайлауын қоғам жылы қабылып отыр

Түркістан: Ауыл әкімдерінің сайлауын қоғам жылы қабылып отыр

Түркістан: Ауыл әкімдерінің сайлауын қоғам жылы қабылып отыр
ашық дереккөзі
 width= 14 шілдеде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен кенттер әкімдері сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды. Аламанға қосылған тұлпардай саясат сахнасынан жарқырай көрініп, елдің аманатын орындауды мақсат тұтқан азаматтар өз-өздерін, бағдарламаларын таныстырып, сайлау науқанына кірісіп кетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған демократиялық бетбұрысты қоғам жылы қабылдап отыр, деп  хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom.kz тілшісі. Бұл саяси додаға республика бойынша «Nur Otan»-нан 586 кандидат тіркелді. Оның ішінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы 48 кандидатты ұсынып отыр. Бұл азаматтардың бәрі қоғамдық жұмыста, мемлекеттік қызметте, елдік мәселелерде шыңдалған жандар. Жалпы Түркістан облысының 60 ауылдық округінде әкімдердің сайлауы өтеді. Аталған 60 ауыл округі әкімдігіне үміткерлердің 48-і «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылды. Жетекші партия атынан түсетін азаматтар өз сайлауалды бағдарламаларын әзірлеп, елмен жүздесуді, үгіт-насихат жұмысын бастап кетті. Бұл қадам да партияны қайта жаңғыртудағы ілкімді істердің бірі. Былтыр праймеризді жоғары деңгейде өткізген жетекші партия биыл әкімдер сайлауына да нақты жоспармен, дайындықпен қатысуда. 2021 жылдың алғашқы жартысын қортындылайтын болсақ, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын әзірледі. Жол картасы бойынша нақты жұмыстар жүріп жатыр. Оның ішінде облысты дамытуға арналған Жол картасында 26 негізгі көрсеткіш пен 128 іс-шара болса, оның әрбіріне облыстық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері жетекшілік етеді. Жай жетекшілік етіп қана қоймай, әрбір индикатордың орындалуына талдау жасап, қауіп төнетін жағдайда белгілі шара қолдануы тиіс. Жартыжылдықтың қорытындысымен 2021-2025 жылдарға жоспарланған 1956 тармақтың 55-і орындалған, 1470-і бойынша жұмыс атқарылып келеді. Жол картасы шеңберінде Түркістан қаласының өзінде көптеген құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Кәсіпорындар іске қосылуда. Партия филалы жанынан облыстық деңгейде – 12, аудандық, қалалық деңгейлерде 141 қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс атқарып жатыр. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Түркістан облысында праймериз өтіп,  бойынша 600-ге жуық адам кадрлық резервке алынғанын білесіздер. Жаңа тұлғалар жарқырай көрініп, қазір елге қызмет етіп жатыр. Түркістан облысына қарасты партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 5200 арыз-шағым түсті, оның  4088-і оң шешімін тапты.  950 өтінішке  заң аясында кеңестер берілді. Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пандемия кезінде де карантин талаптарын сақтай отырып, тұрғындарды қабылдауды тапсырған болатын. Бұл салада да қозғалыс бар. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1215 қабылдау жүргізіліп, 2960 азаматтың мәселелері қаралды. Оның ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 692 жеке қабылдау жүргізіп, 1760 азаматтың өтінішне құлақ асты. Облыс, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары 87 жеке қабылдау жүргізіп, 220 тұрғынның арыз-шағымын қабылдады. Жалпы фракция мүшелері өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, әрбір тұрғынның өтінішін назарға алып, жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта да «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады. Әрине шешілмеген мәселе де аз емес. Ол түйткілдің бәрін елдің бірлігі, азаматтардың берекелі тірлігі арқылы тарқатамыз деп сенемін!