Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында жыл басынан бері 38 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған

Түркістан облысында жыл басынан бері 38 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған

Түркістан облысында жыл басынан бері 38 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
ашық дереккөзі
 width=   Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Жақсылық Сәрсенбек ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі. Баспасөз жиынында жыл басынан бері Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 147 қылмыстық іс болғандығы, оның ішінде 57-і ісі Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгендігі және өндірісте болған істердің 79-ы аяқталып, оның 15 ісі негізінен қарау үшін сотқа жолданғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, брифинг барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға  1,3 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгендігі және Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан азаматтардың берген ақпаратына сәйкес, жедел жолмен анықтау арқылы 2 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс тіркеліп, сотқа негізінен қарау үшін жолданғаны баяндалды.