Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ордабасы ауданында ауыз мәселесі кезең-кезеңімен оңды шешімін табады

Ордабасы ауданында ауыз мәселесі кезең-кезеңімен оңды шешімін табады

Ордабасы ауданында ауыз мәселесі кезең-кезеңімен оңды шешімін табады
ашық дереккөзі
 width= Аудан әкімі Бағлан Батыршаев Шұбар ауылдық округін аралап, ондағы ауыз су мәселесін зерттеп, шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әуелі Шұбар-Берке ауыз су жүйесінің жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарына қажетті суды жаңа техника күшімен әр отбасыға жеткізу мәселесін зерделеді. Ауылдық округ орталығындағы ескірген ауыз су құрылғысын жаңарту жөнінде «Таза су» мекемесіне тапсырма берді. Жаңғыртудан өткен жоба іске қосылған жағдайда ауылдағы 300 түтін судан тапшылық көрмейтін болады. Көкөністің нарықтағы бағасы жоғары болатынын ескерген кәсіпкерлер, ауыл іргесіндегі Арыс өзені жағалауына картоптың шетелдік сортын өсіріпті. Техникасы заман талабына сай шаруашылық жұмысымен танысқан аудан әкімі шаруашылық иесіне Ресейге экспортталатын өнімнің  алқабын ұлғайтуға шақырды. Аққойлы ауылыдағы мемлекет қорғауына алынған «Ишан-Базар» мешіті (XIX  ғ, аяғы, -  XX ғ, басы), Аққойлы мешіт-медіресесінің (Ақмешіт, XVIII ғ, соңындағы тарих және сәулет ескерткіші)  сәулеттік тарихымен танысты. Бағлан Дәнебекұлы ауыл тұрғындарының жол бастауымен қараусыз қалған ежелгі кірпіш зауытының (аңыз бойынша Түркістандағы сәулеттік құрылысқа пайдаланылған) орнын аралап, тарихи нысанның мемлекет қорғауына алынатынын жеткізді. Сапар соңында Шұбардың орталығында жаңадан бой көтеретін жабық футбол алаңына барып, ауыл әкіміне бұқаралық спортты дамытуға арналған жобаларды көптеп жүзеге асыруды тапсырды.