Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы 50 000 000 қызыл калифорниялық шылаушын асырап, жылына 1000 куб биогумус өндіруде, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі.
Кезінде 200 калифорниялық шылаушын сатып алған кәсіпкер, бүгінгі таңда 50 000 000 шылаушын асырауда.
Кәсіптің тиімділігі: калифорниялық шылаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құрамын гумуспен байытып, құнарлы қара топыраққа айналдырады. Агросектрға бағытталған ауданымыз үшін органикалық тыңайтқыштың бұл түрі өнімділікті арттыруда, үй шаруашылығы секторында 2 өнім табиғи таза өнім алуда және әр бір азамат өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.
Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат Патеев үй шаруашылығы секторында 2000 бас калифорниялық шылаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді. Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда