Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жоспар бекітілді

Түркістан: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жоспар бекітілді

Түркістан: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жоспар бекітілді
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азық-түлік бағаларының өсуіне қатысты бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы тапсырманы орындау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі 2021 жылға арналған "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру" іс-шаралар жоспарын бекітті. Ресми статистикаға сәйкес 2021 жылғы 7 шілдеде республиканың 19 ірі қалаларының арасында Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 110,8% - ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қала 17-орында. Ағымдағы жылдың III тоқсанында бекітілген шекті бағалардан 15% - ға жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өсім болды. Олардың ішінде, күнбағыс майы - 773 теңге 47,0% - ға (шекті бағасы 526 тг), басты пияз - 85 теңге 49,1% – ға (шекті бағасы 57 тг), картоп-75,3% - ға 163 теңге (шекті бағасы 93 тг), сәбіз-251 теңге 122,1% - ға (шекті бағасы 113 тг). Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының III тоқсанда шекті бағадан 15% - ға өсуіне байланысты, ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс орталығында халық көп шоғырланған сауда нүктелері мен шағын аудандарда санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.