Түркістан облысының полиция қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауда. Арнайы құрылған мобильді топ құрамында жүрген тәртіп сақшылары күні-түні рейд жүргізіп, бас мемлекеттік санитария дәрігерінің карантин режимін сақтау бойынша нұсқауына сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, Сарыағашта полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы Шымкент-Жетісай тасжолының бойында орналасқан дәмхананың әкімшісі болып жұмыс жасайтын тұрғыны елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты белгіленген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамай, заңбұзушылыққа жол берген. Яғни кафенің қызметшілерінің маскалық режимде қызмет атқаруын қамтамасыз етпей, қағидаларды бұзған. Осындай жайтты бірнеше дүкен мен дәмхана иелерінің өрескел бұзғандығы анықталды. Сонымен қатар қала орталығында орналасқан тойхананың бірінде бесік тойы өткен. Аталған жиынға шамамен 40-тан астам адам жиналған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-ға жолданды. Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Карантин кезінде той-жиын, басқосу, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.