Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәжірибелік конференция өтті

Түркістанда еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәжірибелік конференция өтті

Түркістанда еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәжірибелік конференция өтті
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәжірбиелік конференция болып өтті, деп хабарлайды NewsRoom ақпараттық порталының тілшісі. Биылғы жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне айрықша назар аударылуда. Дүниеде тәуелсіздік пен бостандықты, теңдікті аңсамайтын бірде-бір адам, бірде-бір халық жоқ. Ал қазақ елінің басты құндылығы бұл тәуелсіз мемлекет болуы екенін анық. Ал мемлекеттің үкілеген үміті жастар болғандықтан, азат елдің бақытын бағалай білуінде. Осы орайда айта кетсек, түркі елдерінің рухани астанасында жастарға Тәуелсіздігіміздің тарихы туралы іс шара ұйымдастырылды. Конференцияға жас мәслихат депуттары мен мемлекет қайраткерлері қатысты. Кездесуге қонақтары Түркістан облысы мәслихат депутаты, Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Қуаныш» сауда орталығының басшысы Намазбаева Инара, Түркістан қалалық мәслихат депутаты, Түркістан облысы «Орталық су спорт кешені» МКҚК директоры Худияров Ғалымжан, Түркістан қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік болды.  width= Халық қалаулылары мен жастар бүгінгі күннің өткір де, өзекті мәселелерін тілге тиек етіп, еркін форматта ой бөлісті. Жастардың оқу, білім, спорт, өнер саласындағы кемшін тұстары аталып өтті. Өз кезегінде жиын қонақтары өздерінің қызмет жолдарындағы тәжібилерімен алмасып, жастарға ақыл кеңестерін айтты. «Қазіргі ізбасар іні қарындастырымыз өте зерек. Өмірден, саясаттан жан жақты хабардар. Қоғамда жастарды алаңдататын мәселелер жеткілікті. Түркістан қаласында шет тілдер курстарының жұмысын жандандыру қажеттігі айтылды. Біз өз кезегімізде жастарға барынша қолдау көрсетуге тырысып бағамыз. Оларды қолдау басты мақсатымыз. Өздеріңіз сияқты жалындаған жастардың жетістіктерге жетуі біз үшін мақтаныш», деді «Орталық су спорт кешені» МКҚК директоры Худияров Ғалымжан, Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  жастардың құттықтау флешмобы ұйымдастырылды. Флешмобқа жалпы саны 50-ден астам жастар қатысты.  width= «Керуен Сарай» ойын-сауық орталығында Чарльз Мантгомеридің  «Бақытты қала» кітабын таратумен өз жалғасын тапты. Жастар қала тұрғындарының ыстық ықыласы мен ақ батасына ие болды.  Айта кетерлігі, «Бақытты қала» кітабы әлемнің 100 Үздік туындысына жатады. Жиын соңында конференция қонақтарына кәдесыйлар мен қатысушыларға сыйлықтар табысталды.  width=