Жұрттың баласы! Өзбек футболшысын «Рома» 17,5 млн еуроға сатып алды

Жұрттың баласы! Өзбек футболшысын «Рома» 17,5 млн еуроға сатып алды

ашық дереккөзі

Өзбекстан ұлттық құрамасының және италиялық «Дженоа» клубының ойыншысы Элдор Шомуродовты римдік «Рома» клубы тақырыптағыдай суммаға сатып алды. Бұл туралы uz.sputniknews.kz басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 26 жастағы Шомуродов өткен жылы ғана ресейлік «Ростов» клубынан «Джеоноға» 7,5 млн еуроға сатылған болатын. Бір жылдың ішінде он млн еуро пайда әкелген ол енді 14-ші нөмірмен Римда доп тебеді! Қазақстанда шетелдік легионер футболшылар емес, қазақ футболшылары әлемдік клубтарда қашан доп тебеді екен? Элдор Шомуродов Өзбекстанның Сурхандария облысында туған. Әкесі, ағасы және әкесінің ағасы да футболшы. Алты жасынан бастап футболмен кәсіби түрде айналысады. 2019 жылы Ресейдің ең үздік 33 футболшысының қатарына кірген. Юниорлар арасында Орталық Азия чемпионы.  

Жүктелуде...