Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Екпе алмағандар 7 күн сайын тест тапсырады

Екпе алмағандар 7 күн сайын тест тапсырады

Екпе алмағандар 7 күн сайын тест тапсырады
ашық дереккөзі
 width= Бәйдібек аудандық әкімдігі елімізде коронавирустық инфекцияның өріс алуына байланысты Түркістан облысының Сары аймаққа енгізілгенін хабардар етеді. Індетке қатысты эпидемиологиялдық ахуалдың күрделенді. Сондықтан аудан әкімдігі бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде тұрғылықты мекенжай бойынша өткізуге тыйым салынатындығын ескертеді. Сонымен бірге «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмыс режимі облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 06 шілдедегі №14 қаулысының қосымшасы негізінде жүргізіледі. Қаулы талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасына тіркелген нысандардың барлық қызметкерлері вакцинациядан өтуі тиіс. Егер екпе салынбаған жағдайда олар 7 күнде 1 рет ПТР-тестілеуден өтуі тиіс. Айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Ол бойынша  «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Мамандар індеттен сақтанудың бірден-бір жолы вакцина салдыру екендігін ескертуде.