Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін күйдіріп тастаған

Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін күйдіріп тастаған

Түркістан облысында қайын әпкесі келінінің бетін күйдіріп тастаған
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысында қайын әпкесі газ плитасын таза ұстамағаны үшін келінінің бетін қыздырылған шанышқымен күйдірген. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, желіге жарияланған жағдай Отырар ауданында тіркелген. Алайда бүгінгі күнге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. «Қазіргі таңда жазба бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Бұл жайт ТО ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылуда» делінген хабарламада.