weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысындағы екі ауданда карантин күшейтіледі

Түркістан облысындағы екі ауданда карантин күшейтіледі

Түркістан облысындағы екі ауданда карантин күшейтіледі
ашық дереккөзі
   width= Түркістан облысындағы Сайрам және Төле би аудандарында шектеу шаралары күшейтілді. «Ашық» қосымшасына тіркелген нысандар ғана қызмет көрсете алады. Бұл тек қоғамдық тамақтану орындарына қатысты емес, сауда үйлері мен туристік базалар да талапты сақтауы тиіс. Шымкентпен шектесетін қос ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбейгені байқалады. Түркістан облысы республика бойынша «қызыл аймаққа» кірмеген жалғыз өңір. Дегенмен, соңғы екі аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 2 жарым есеге артып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус инфекциясы күн сайын орта есеппен 100 адамнан анықталады.