11 Мамыр қандай күн екенін білесіз бе ?

11 Мамыр қандай күн екенін білесіз бе ?

ашық дереккөзі

Дүниежүзілік көшпелі құстар күні. Бұл жаһандық экологиялық акцияның мақсаты – адамдардың көшпелі құстар туралы мейлінше көп мағлұмат алуына жол ашу. Бастапқыда бұл мереке тек мамырда аталып өтетін. 2018 жылдан бері мамыр айының екінші сенбісі  мен қазан айында тойланатын болды. Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға 1906 жылы қол қойылған болатын . Мэри Поппинсті күту күні де аталып өтеді. Бұл күні суық жел самал желге ауысса, Мэри Поппинс келеді деген пікір қалыптасқан. 11 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар 1928 жылы Нью-Йоркте әлемдегі ең алғаш телебағдарламаларды жүйелі түрде трансляциялау басталды; 1991 жылы швециялық Roxette дуэті Joyride әнін орындап, америкалық хит-парадта бірінші орынға ие болды; 2000 жылы Үндістанның миллиардыншы тұрғыны - Аста Арора дүниеге келді; 2003 жылы Колизей аренасында тұңғыш рет рок-музыкант – Пол Маккартни өнер көрсетті. 11 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1944 жылы Қырымнан татар, болгарлар мен гректерді жер аудару жөніндегі мемлекеттік комитеттің қаулысы шықты. Олардың біразы үшін Қазақстан екінші отынына айналды; 1998 жылы ҚР ішкі істер органдарында "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағы құрылды; 2012 жылы Қазақстанда Музей аптасы жарияланды. Осы кезеңде мемлекеттік музейлер өз есігін барлық келушілер үшін айқара ашты. Көрермендер назарына көптеген жаңа жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, апта аясында тематикалық дәрістер, экскурсиялар, ғылыми оқылымдар, музей-театрлық қойылымдар өткізілді;

Жүктелуде...