Масқара! Президенттің ұлы яхтасы мен Bugatti көліктерінен айырылды
Масқара! Президенттің ұлы яхтасы мен Bugatti көліктерінен айырылды
ашық дереккөзі
Әкесі – президент болса, ұлы вице-президент қызметін атқарған. 20 жыл мемлекеттік қызметте жүрген ол 500 млн доллар ақшаны ұрлаған деп күдіктенуде. Теодоро Нгема Обианг Манге Эквотариалды Гвинеяның президенті лауазымын 1979 жылдан бері атқарып келе жатқан Теодоро Обианг Нгема Мбасогоның ұлы. Әкесі президент болу үшін өзінің ағасын атып тастап, билікке келген.
Африкадағы ең қатал деген диктаторлардың тізіміне кіретін президент Мбасоганың ұлы Францияда сосын АҚШ-та білім алған. Бірақ сабаққа мүлде бармаған көрінеді. Калифорния штатындағы Малибу қалашығында 30 млн долларға алған үйі және Bugatti көлігі болған Мангенің Францияда 101 бөлмеден тұратын, бағасы 150 млн евро болатын үйі жуырда тәркіленген. 2016 жылы Швейцар билігі 11 көлігін тартып алып, аукцион арқылы 27 млн долларға сатып, ақшаны Эквотариалды Гвинеяға көмек көрсететін ұйымдарға аударып жіберген.
Өткен жылы Бразилияға барған Мбасогадан құны – 15 млн доллар тұратын 20 сағат пен 1,4 млн доллар ақша қолма-қол табылған. Ақырында бразилиялықтар оның бүкіл дүниесін тәркілеп, қолына 10 мың долларын ғана қалдырып елге кіргізген. Бразилия заңы бойынша елге декларация толтырмай 10 мың доллар ақша алып кіруге болады. Британ билігі іс қозғап, тексеріп жатқан Мбасоганың әкесі елдегі ағылшын елшілігін жабуға уәде берген.