Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркия: елдегі алапат өрттен төрт адам опат болды

Түркия: елдегі алапат өрттен төрт адам опат болды

Түркия: елдегі алапат өрттен төрт адам опат болды
ашық дереккөзі
Түркия. Орманнан басталған өрт демалыс аймағына дейін жетті. Тілсіз жаудың кесірінен төрт адам опат болған. 28 шілдеде басталған қызыл жалын 42 ауданға таралып үлгеріпті. Тіпті, жергілікті билік өкілдері демалыс орындарындағы туристерді де эвакуациялауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ол жақтағы жағдай қалай? Отандастарымыз аман ба? Тілшіміз біліп көрді. Екі күн бұрын басталған өрт дәл осылай тез таралады деп ешкім күтпеген еді. Аптап ыстық пен желдің әсерінен Түркияның 42 ауданын қызыл жалын шарпыған. Оның ішіндегі 27 ауданның тұрғындары эвакуацияланған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, жергілікті халықтың төрт түлігі қырылуда. Түркия билігі Антальядан 76 шақырым жердегі Манавгат аймағында өрт қатты таралғанын айтуда. Алайда, орталығына әлі жетпеген екен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. ДАНА ИСАЕВА, СТУДЕНТ: «Антальяның орталығында емес, Антальяның шеткі аудандарында болды. Қазіргі уақытта Манавгат деген қалада төрт нүктеде болып жатыр. Бүгінге дейін өртті сөндіре алмады.  Тура қасымызда болып жатқан жағдай 1-2 сағаттық жолда. Қазір Антальяға келеді, деген бір қауіптер туып жатқан жоқ». Өрт орталыққа жақындамағанымен, орман маңында орналасқан аймақтардағы демалыс орындарын шарпыған. Дереу арада оларды эвакуациялап қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде. Ал, Бодрум қаласында тұтанған қызыл жалынды өрт сөндірушілер дереу арада сөндіріпті. Барлық туристер қонақ үйлеріне қайтып, ешкім зардап шекпеген екен. ЕЛЕНА САМОХВАЛОВА, ТУРИСТ: «Мы видим тут только то что собирают воды самалет АУДАРМА Біз мұнда ұшақ, тік ұшақтардың су алып өртті өшіруге ұшып бара жатқанын ғана байқадық. Әрине, өрт бірінен кейін бірі пайда болуда. Бірақ, қызметкерлер оны мейілінше жылдам сөндіруге тырысып жатыр». ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ: « Қызыл жалынмен күресіп жатқан Түркия еліне біздің отандастарымыз да көмек қолын созудан аянып қалған жоқ. Олар керек-жарақтың барлығын тиеп зардап шеккендерге жеткізу жұмыстарымен айналысуда. Ал, сыртқы істер министрлігі алапат өрттен біздің елдің азаматтары зардап шекпегенін жеткізді». АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Антальядағы өрт кезінде зардап шеккендердің арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Біздің консулдық жергілікті билікпен әркез байланыста. Төтенше жағдай кезінде немесе оқыс жағдайға тап болған отандастарымызға бірден туроператорларға немесе біздің консулдыққа шұғыл хабарласуын сұраймыз». Елдің біраз жерін шарпыған алапат өртті Түркия билігі ұлттық апат деп атады. Қазіргі уақытта қызыл жалынның нақты неден шыққаны да анықталуда. Дәл қазіргі уақытқа дейін 71 өрт ошағының 57-і ауыздықталған. Ал, тілсіз жаумен мыңнан астам техника және ресейдің үш ұшағы күресуде. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=eurf1Zos4sg[/embed]