Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Ол азаматтарға ай сайын 25 пайыз түсім әкелемін деп, криптовалютадан және түрлі қаржылай ойындар арқылы салымшыларға «табыс» әкелуді көздеген. Бұл туралы lenta.ru сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады. Finiko компаниясын құрған Кирилл Доронин Қазан қаласында әрекет еткен. Оның өз сөзінше ол құрған пирамидаға млнға жуық адам қаржы құйған. Ал жергілікті құқық қорғаушылардың пікірінше 80 млн рубль шамасында қаржы жиналса, БАҚ өкілдері 7 млрд рубль шамасында деген болжам жасауда.
Осының алдын ресейлік Орталықбанк адамдар қаржы пирамидаларының кесірінен 50 млнға жуық рубль қаржы жоғалтуда деген хабар таратқан. К.Доронин болса 2019-2020 жылдары әрекет еткен.