Түркістан: депутаттар жасанды тыныс алу аппараты мен оттегі баллондарын табыстады
Түркістан: депутаттар жасанды тыныс алу аппараты мен оттегі баллондарын табыстады
ашық дереккөзі
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар әлі де пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болып, «Біз біргеміз» акциясы аясында көмек көрсетуде. Мәселен осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып, қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева жеке өзінің есебінен жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана кислород баллон жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық ауруханасына табыстады. Осынау қиын мезетте «Nur Otan» партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты қамқорлық танытып, бірге екендігін білдірді. Іс-шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінінің орынбасарлары Төлеген Жолдасұлы және Нурали Рахматалиұлы қатысты. Халық қалаулысы Динара Асылқызы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді. «Барша науқастарға қажетті аппаратты сыйға тарту ізгі амал, жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда себепші болары айтпаса да белгілі», – деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нурали Ирсалиев. Мұндай игі іс Түркістан облысы, Арыс қаласында да жалғасын тапты. Оттегі тапшылығын болдырмау және алдын алу мақсатында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық мәслихаттағы фракция мүшесі Қалдыхан Өтегенов Арыс қалалық орталық ауруханасын 40 оттегі баллонымен қамтамасыз етті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі