weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ахмет Байтұрсынұлы туралы сериалға кастинг жарияланды

Ахмет Байтұрсынұлы туралы сериалға кастинг жарияланды

Ахмет Байтұрсынұлы туралы сериалға кастинг жарияланды
ашық дереккөзі
Ахмет Байтұрсынұлы туралы көп сериалы фильмнің түсіріліміне қызу дайындық көрудеміз. Сценарийден кейінгі уайым - актерлер. Жақсы каст - жарым ырыс. Көп түкірсе - көл деп, осындағы жамағаттан да бір пікір сұрауды жөн деп таптым. Ахаңның рөліне кімді ұсынар едіңіз? - деп жазды белгілі кино режиссері Мұрат Есжан өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтына. 
- Мүмкін басқа салада жүрген, бірақ тұлғасы мен болмысы Байтұрсынұлына жақын келетін танысыңыз бар шығар? - деген М.Есжан - Ахаңның адал жары болған Бәдрисафа анамыздың рөліне де түрі славян, тілі қазақ жақсы актриса керек. Ауыл-ауылда ұлты орыс, татар, неміс болса да, қазақшаға судай боп кеткен, әрі әңгіменің майын тамызып айтатын апайлар болады ғой. Сондай кісілерді танысаңыздар, айта отырыңыздар - деп өз постын түйіндеді.
Таныстарыңыз болса, таратыңыздар! Ұлт ағартушысы туралы сериалды бірге ұлықтайық.