weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысының патрульдік полицейлері жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістан облысының патрульдік полицейлері жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістан облысының патрульдік полицейлері жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді
ашық дереккөзі
Жол апаттарын болдырмау мақсатында Түркістан облысының патрульдік полицейлері жүргізушілерге жадынамалар таратты. Түркістан облысы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері жолдарда болатын апаттардың, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды өткізіп, бекітілген аумақтарын патрульдеуді іске асырады. Осындай шаралар кезінде қандай-да бір құқықбұзушылық анықталса, тәртіп сақшылары жүргізушілерге мүмкіндігінше жолда абай болу керектігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Заңға сәйкес құжаттар жинақталып, хаттамалар түзіледі. Жолдарды патрульдеген полицейлер жол апаттарын болдырмау мақсатында маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жолда сақ болуға бағытталған арнайы мамандардың ескертулері жазылған жадынамаларды таратты. Әрбір жадынама жүргізушілерге табыстала отырып, жылдамдықты шектен тыс асырмау, жол ережесін мұқият сақтау мен көлік басқарған жанның жолаушылардың өміріне жауапты екендігі түсіндірілді. Өз кезегінде жүргізушілер сақшыларға алғыстарын айтып, жолда сақ болатындарын жеткізді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.