Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жұртшылықты вакцинациялауға шақырады

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жұртшылықты вакцинациялауға шақырады

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жұртшылықты вакцинациялауға шақырады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанның әлеуметтік қызметкерлері, көпбалалы аналар қазақстандықтарды вакцинациядан өтуге шақырды. «Strong mothers» (Мықты аналар) қорының қызметкерлері көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жұмыс істейді. Қиын күндері әкімдіктің қолдауымен жалғыз басты аналарға және халықтың өзге де осал топтарына жан-жақты көмек көрсетеді. Олар қазіргідей жаппай вакцинация кезінде екпе алып, иммундаудан өтуге шақырды. «Біздің қор көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаумен айналысады. Оқу орталығында балаларға ағылшын тілін, шахмат, домбыра, гитара ойнауды, ментальді арифметика, робототехника және өзге де көптеген нәрселерді үйретеміз. Елорда әкімдігіне біздің қорға қолдау көрсеткені және жалпы әлеуметтік осал отбасыларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында балаларымыз күлімсіреп сабағына барып, оқуға мүмкіндік алды. Әрине, елімізге ғана емес бүкіл әлемге пандемия қиындық тудырып тұрғанда шетте қалмай, вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Өзіміз үлгі көрсетіп, жақындарымызды қорғағымыз келеді. Ел тұрғындарын вакцинаның екі компонентін алуға шақырамын. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырмайынша, бұл ауруды жеңе алмаймыз», - деді 4 баланың анасы, «Мықты аналар» қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева. Көпбалалы аналар коронавируспен қазір балалар жиі ауыра бастағанын айтты. Вирус ешкімді таңдамайды, үлкенге де, кішіге де қауіпті. Оның зиянынан тек вакцинация арқылы қорғануға болады. Айта кетейік, елордада иммундау жүйесіне күмән келтіретіндер қатары азайып келеді. Қала тұрғындары жаппай вакцинацияны қолдайды, осылай ғана қауіпті вирустың зардаптарынан өзін және өзгелерді қорғауға болатынын біледі. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 326 мыңнан астам адам алды, ал 219 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. https://www.youtube.com/watch?v=r0UIyXyeSF0