Моңғол жеріндегі Күлтегін жазба ескерткішінің 1909 жылғы фотосы екен. Бұл суретті осы жылы Моңғол сахарасына саяхат жасаған француз азаматы Буиян де Лякост деген адам түсіріпті.
Демек мұраны әлдекімдер қоршап-қорғап сыртын кірпішпен қалап бүгінге аман жеткізген. Ескерткіштің қазір сол жақ иығы бүлінген. Оған найзағай түскен дейді. Мына суретте бүп-бүтін тұр - деп жазды белгілі журналист, тарих маманы Бекен Қайратұлы өзінің фейсбук парақшасында.
1909 жылғы фото
1900 жылғы фото
Бертіндегі фото
Айта кететін жайт, түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады. [2, 450-458-б]
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. [3, 177-б]
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында: «Он оқүлым, түргiс қағанынан» Мақраш таңбашы. Оғуз Бiлге таңбашы келдi; Қырғыз қағанынан Тардуш ынаншы, Чур келдi; Мазар тұрғызуға, Зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергершiсi Чаң сеңун келдi. Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi. Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын, Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық. Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.» деп келтіреді. [4, 55-б]
Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе «Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді. [5, 5-б]
Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.[6,4-б]
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша – Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Ескi дәстүр бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын «Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын»,[7,4-б] ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады.
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған. [1, 177-б]
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.