Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

5 ұлы, 71 немере-шөбересі бар түркістандық 103 жастағы әже сайлауға келген

5 ұлы, 71 немере-шөбересі бар түркістандық 103 жастағы әже сайлауға келген

5 ұлы, 71 немере-шөбересі бар түркістандық 103 жастағы әже сайлауға келген
ашық дереккөзі

Қарамұрт ауылының тұрғыны, 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тоты-ай Төлегенова да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ЭК сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Сайрам ауданындық сайлау учаскесі комиссия мүшелері ардагерлер мен зейнеткерлердің үйіне барып, сайлауда дауыс беруін қамтамасыз етіп жатыр.
Ақ жаулықты әже бес ұлдан 17 немере, 54 шөбере сүйіп отыр екен. Кейуана алғыс білдіріп, елдің мерейі үстем болсын деген ниетпен батасын берді.
Ал, Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысты. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.
Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі
"Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын", — деді Қожантай.