Үшемдер қашан? Жетісайда егіздер әкім сайлауына дауыс берген

Үшемдер қашан? Жетісайда егіздер әкім сайлауына дауыс берген

ашық дереккөзі

Түркістан облысы, Жетісай ауданының Ералиев ауылдық округі "Бәйтерек " ауылдық округінде тұратын Кеңесбай Дінмұхамед пен Кеңесбай Ермұхамед саяси науқанда өз таңдауларын жасау үшін биыл да сайлау учаскесіне келді деп хабарлайды Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Бұл жігіттер Ералиев ауылдық округіндегі №240 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған. "Президент сайлауынан кейін бүгін екінші рет сайлауға келіп еліміздің жарқын болашағы үшін, ауылымыздың өсіп, өркендеуі сондай-ақ, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік үшін дауыс бердік. Әрбір саяси науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде келіп дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз берген дауысымыз елдің болашағы үшін маңызды" дейді Кеңесбай Дінмұхамед пен Кеңесбай Ермұхамед.

Жүктелуде...