Физика-математика факультетінің профессоры (өкінішке орай аты-жөні сақталмапты) студенттерге дәріс оқып жатып, тақтаға 1 санын жазды. - Бұл – Сіздердің бойларыңыздағы адамгершілік деген қазір өте сирек кездесетін қасиет – деп сөзін жалғаған профессор бірдің жанына 0 санын қойды да, енді он болды. Осылайша, ондық деңгейге көтерілдіңіздер, оған тағы бір нөлді қоссақ жүз болады, адамзат баласы бүкіл ілімді игеріп жүз жасқа жетудің жолын тапты – деді де сәл үнсіз қалды.
Сосын әр нөлдің қасына нөл қосып, махаббат, сенімділік, сүйіспеншілік деген әр қасиет Сіздерді он есе дамыта түседі. Жер бетіндегі өзге жануарлардан артықшылығымыз осында – деп сөйлеп тұрды да, әу бастағы бірді өшіріп еді, кілең нөл қалды.
- Бойларыңызда адамгершілік – деген қасиет болмаса, басқасы құр нөл – деп аудиторияға сүзе қараған профессор шығып кетті. Шыбынның ызыңы естілетіндей тыныштық орнаған еді...
Фотода: әскери журналист Фрэнк Прейтон 1952 жылғы корей соғысы кезіндегі аз ғана демалыс сәтінде жаңа туған мысықтың марғауын түтікшемен тамақтандырып отырған сәт. Интернеттегі ашық дереккөзден тәржімалап өңдеген:
Жүмәсіл ЖАПАБАЕВ