Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Танымал сарапшы: көп ұзамай Тәшкенге жұмыс іздеп кетеміз

Танымал сарапшы: көп ұзамай Тәшкенге жұмыс іздеп кетеміз

Танымал сарапшы: көп ұзамай Тәшкенге жұмыс іздеп кетеміз
ашық дереккөзі
Әуелден өзбектің қызанағы мен қиярын, картобы мен пиязын жеп келген ұлт едік...
Қазір өзбектің көлігін міндік - деп жазды танымал қоғам белсендісі әрі ауылшаруашылық маманы Алмасбек Садырбаев өзінің фейсбук парақшасында.
Аяғымызға кигеніміз де солар жасаған аяқ-киім. Малды да, малға беретін жемді де өзбекке ұстатып қойдық. Енді телеарнасына телмірдік. Құр жатпай тілін үйрене беріңіздер, көп ұзамай Тәшкенге жұмыс іздеп кетеміз. Дамыған 30 елдің ауылы алыс-ау...- деген А.Садырбаевтың жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Талап Маханов есімді қолданушы болса: Олай болмайды Халықты төмендетпеңдер - деп жазған. Оған қарсы: халықты төмендету емес, басшыларға сәлемдеме...-деген Алмасбек Садырбаев - эксперт сельского хозяйства парақшасы аталмыш постты:
Халыққа емес, сол халықты басқарып отырғандарға арналған сөз! - деген жазбамен түйіндеген.
Фото: mintrans.uz
Ескерту: аталмыш жазба редакция саясатын білдірмейді және материал ашық дереккөзден алынғандықтан орфографиялық түпнұсқа сақталады. Порталда жарияланған авторлық материалдар мен түрлі көшірме мақалаларға автор жауапты. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату