Қызылордада жергілікті тұрғындар кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстап алды. Әлеуметтік желілерде "педофилдің қолға түскен" сәті таспаланған видео тарап жатыр. Ашуға булыққан жұрт полицейден күдіктінің түрін көрсетуді талап етуде.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
ШУМ: "Ал шапканды. Көрсет түрін. Бүкіл көршілер көрсін. Педофил". Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бектұрғанов көшесінде тұратын азаматтар полицияға хабарласып, бүлдіршінге зорлық жасамақ болған ер адам ұстап алғандарын айтыпты. Тұрғындар күдіктінің 5 жастағы балаға тиіскенін көрген екен. Аймақ полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақы тта осы дерекке қатысты соталды тергеу басталған. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін шаралар жүргізілуде.