Батыс Қазақстан облысы дүлей дауылдың салдары

Батыс Қазақстан облысы дүлей дауылдың салдары

ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында дүлей дауылдың салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келді. Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында қосқабатты үй мен балабақшаның шатыры көкке ұшса, Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылындағы мәдениет үйінің төбесі табиғаттың тосын мінезіне төтеп тұра алмапты. Жылдамдығы секундына 26 метрге дейін жеткен желдің соңы нөсер жаңбырға ұласқан.  Сәтін салғанда ешкім зардап шеккен  жоқ. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. АРМАН ТОҚАНОВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдар кіреді және департаменті ЧС-тың өкілдері болады». https://youtu.be/ONw_jwCJdls?t=387

Жүктелуде...